Әлеумет
Latest stories
More stories
-
Миллионнан астам ағаш егілді
Қазір елордада 4 миллионнан астам жасыл желек бар. Ал «Жасыл белдеу» аумағында тағы 14 миллионға жуық ағаш өсіп тұр. Қалада жыл сайын кемінде 1 миллион ағаш, бұта және гүл отырғызылады. Жыл басынан бері Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек егілді. Оның 700 мыңға жуығы көктемде, 400 мыңнан астамы күзде отырғызылды. Олардың қатарында шаған, жөке, қайың, қарағай, гортензия,… More
-
Үйдегі газ – үлкен жауапкершілік
Бірақ барлық өңірдегі газ инфрақұрылымы қысқы жағдайда жұмыс істеуге сақадай-сай болғанымен, бұл әрбір үйдегі газ жабдықтары толық жаңартылып, жөнделді дегенді білдірмейді екен. Өйткені ол әрбір отбасы мен жергілікті әкімдіктің мойнындағы жауапкершілік. Тиісінше, әр шаңырақтағы газ жабдықтарының қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Сақтық – өмір қалқаны QazaqGaz Aimaq АҚ-ның ақпаратына жүгінсек, өткен айда бүкіл Қазақстан… More
-
Дропперлік – қара делдалдық
Неше жылдан бері экономикалық қылмыс ұғымының арасында жасырынып келгендіктен, жағдайдың мұншалық ушыққаны көп айтылмайтын. Былтыр қыркүйекте Қылмыстық кодекске осы мәселені жеке қарастыратын арнаулы бап енгізілгеннен кейін бүркемеленіп келген жайдың беті ашылғандай болды. Құқық қорғау органдарының құрығы ұзарып, қордаланып қалған қалың статистика су бетіне қалқып шықты. Жалпы, дропперлік дегеннің өзі – көбіне интернет-алаяқтық, телефон алаяқтығы, есірткі… More
-
Баллонның бәрі бақылауда болады
Бұл ретте елде негізінен тозығы жеткен 900 мыңдай баллон айналымда жүр. Қайғылы оқиғалар қайталана бермеуі үшін ТЖМ өз шараларын қабылдаған, өзгеріс шамалы. Енді Энергетика министрлігі төл реформасын бастады. Оның бастамасы несімен ерекшеленеді және қандай өзгерістерді қарастырады? Жарылысқа жеткізген жүйесіздік Тұрмыстық газ баллондарының қауіпсіздігі – жылдар бойы қордаланған, әрбір қайғылы оқиғадан кейін қайта-қайта күн тәртібіне шығатын… More
-
Желі және жеткіншек
Біреулер жас ұрпақты интернеттің құрдымға тартатын иірімінен осылай қорғау керек десе, тағы бір тарап адам құқығына, ақпарат еркіндігіне алаңдайды. Екі пайымның да жаны бар. Сондықтан бұл мәселе «тыйым салу керек пе, жоқ па?» деп тар шеңберде талқылауға сыймайды. Ең бастысы – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оның цифрлық ортада өз бетінше бағдар табуына септесу. Қазір… More
-
Ветеринарлардың еңбек демалысына төленетін жәрдемақы көлемі көбеймек
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Серік Егізбаев баяндама жасады. Өңірлердегі ветеринариялық дәрігерлердің мәртебесін көтеру және кәсіби бірлестік құру жайы да талқыланды. Ветеринария мамандығының, әсіресе ауылдық жерлерде, тартымдылығының жеткіліксіздігі кадр тапшылығына, жұмыс істеп жүрген мамандарға түсетін… More
-
Дәуірдің дара тұлғасы: адал еңбекпен өрілген өнеге
Қазір еліміздің экономикалық дербестігі мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы саласы стратегиялық негізге айналып отыр. Ауыл – ел бесігі ғана емес, ұлттық болмысымыз бен берекеміздің алтын діңгегі. Сондықтан ауыл шаруашылығы әрдайым мемлекет назарында. «Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Халқымыз «Егін ексе, ел тоқ» деп бекер айтпаған. Еңбекқор, мақсаты айқын азаматтарымыз… More
-
Қаланың қамы – дайындық
Биыл да жылыту маусымына дайындық – күн тәртібіндегі мәселе. Ендеше, Алматы алдағы аязға қаншалықты әзір? Жылу желілерін жаңғырту жұмысы қандай нәтиже берді? Жақында осы сауалдарға жауап іздеп, Алматы қаласының әкімдігі мен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не ресми сұрау салдық. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының мәлімдеуінше, бүгінде Алматы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Қазір шаһардың жылумен жабдықтау жүйесі… More
-
Биылғы мезгіл былтырғыдан өзгерек…
«Қазгидрометтің» 2026-2027 жылдарға арналған маусымдық консультативтік болжамына сәйкес, желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан шамамен 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Қаңтарда еліміздің басым бөлігінде температура нормадан 1-2 градусқа жоғары болғанымен, Атырау облысында климаттық норма шамасында болады деп болжанып отыр. Дегенмен маусымдық болжам қыс бойы ауа райы тұрақты болады дегенді білдірмейді. Температураның… More
-
Жұрт игілігіне жараған жоба
Биыл Сыр өңірінде 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымы 5 қазанда басталды. Тиісті дайындық жұмыстары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп, қазір жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының дерегіне сәйкес, өңірдегі 1 079 әлеуметтік нысан мен 943 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Осы ретте қуаты 240… More
-
Жаңғырған жүйенің жылуы
Өйткені бұл кезеңде халықты жылумен қамту мемлекеттің басым бағытына айналатыны белгілі. Сондықтан біз «Қуатты өңірлер – қуатты ел» айдарының кезекті шығарылымында аймақтардың жылыту маусымына дайындығын саралап көрдік. Жалпы, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы да жылу беру инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтитынын айта кетейік. – Жаңа тарихи кезеңге қадам баса отырып, біз барлық азаматтық инфрақұрылымды… More
-
Қараша айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Биыл қарашада елімізде мемлекеттік мерекелер жоқ. Осыған орай бес күндік жұмыс аптасы бойынша еңбек ететін қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Қараша айында 9 демалыс күні бар. Сонымен қатар осы айдағы кәсіби және атаулы күндер аталып өтіп, салада еңбек ететін мамандарға құрмет көрсетіледі. Кәсіби мерекелер: • 5 қараша – Сыртқы… More













