Білім
More stories
-
Жетісу университеті QS халықаралық сыйлығына ие болды
Аталған номинация – Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында берілген алғашқы марапат. Салтанатты рәсімде халықаралық сыйлықты университеттің Басқарма төрағасы – ректоры, профессор Ермек Бөрібаев қабылдады. Learning Experience – Performance Improvement номинациясы білім беру сапасын жетілдіру, академиялық ортаны дамыту және студенттерге қолайлы білім беруді қалыптастырған жоғары оқу орындарына беріледі. Бағалау барысында оқыту үдерісінің тиімділігі, профессор-оқытушылар құрамының академиялық қызметке… More
-
Астанада мерейтойлық XV халықаралық NIS конференциясы басталды
Бүгін елордада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер» тақырыбындағы XV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады,- деп хабарлайды Aikyn.kz. Осы уақыт ішінде NIS Conference білім беру саласындағы кәсіби диалог пен озық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Биыл мерейтойлық жиынға 1700-ге жуық қатысушы жиналды. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Финляндия,… More
-
Мектептегі тегін тамақ: бір оқушыға күніне қанша теңге бөлінеді?
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылдыққа мектептегі оқушылардың асына 210 млрд теңге бөлінген. Бұл шара балалардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, денсаулығын сақтауға және білім алуда тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Мектептегі тамақтану құны баланың жасына, өңірдің ерекшелігіне, азық-түлік бағасына және бекітілген ас мәзіріне қарай белгіленеді. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, бір оқушының бір күндік… More
-
Президент Үкіметке инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мемлекет басшысы Жолдауда тағы бір өзекті тақырып көтерді. – Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта… More
-
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге артық жүктемені азайтуды тапсырды
Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Президенттің айтуынша, бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр. Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық… More
-
Президент Жолдауы: Жетісу университетінде білім мен ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Президент өз сөзінде білім мен инновацияның маңызын атап өтіп, жасанды интеллект технологияларын экономикамен қатар білім беру мен ғылым жүйесіне де белсенді енгізуді, бұл құралдардың өңірлердегі білім сапасын теңестіруге… More
-
Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында «Білім беру» көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды
Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда білім сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, заманауи мектеп инфрақұрылымын дамытуға және педагогтердің әлеуетін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл бағыттар адами капиталды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index) нәтижесі… More
-
Қазақстан – Корея орталығы: сирек металдарды өңдеудің жаңа мүмкіндіктері
Сәтбаев университетінің Металлургия және кен байыту институтында Қазақстан – Корея сирек металдар технологиясы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жаңа орталықта екі елдің ғалымдары мен инженерлері минералдық шикізатты терең өңдеу, сирек металдар мен перспективалы материалдарды алу технологияларын әзірлеп, оларды өнеркәсіпке енгізу бағытында бірлескен зерттеулер жүргізеді. Орталықтың ашылуы – Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ғылыми-техникалық… More









