Latest stories
-
in Жаһан
Wildberries негізін қалаған Татьяна Ким бас директор қызметінен кетті
Дегенмен кәсіпкер компаниялар тобының стратегиялық дамуына жетекшілік етуді жалғастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Ресейдің Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметке сәйкес, Алексей Куликов 19 қарашадан бастап «Вайлдберриз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметіне кіріскен. Бұған дейін ол компанияның логистикалық инфрақұрылымын дамытуға жауапты құрылымдарда басшылық қызмет атқарған. Компанияның баспасөз қызметі кадрлық өзгерістің маркетплейстің күнделікті жұмысына… More
-
in Жаһан
Жапонияда Сакурадзима жанартауы қайта атқылады
Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында орналасқан Сакурадзима жанартауы 22 қарашада атқылады. Жанартау кратерінен шыққан күл бұлты оңтүстік-шығыс бағытқа таралған. Бұл туралы Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Токио жанартаулық күлге қатысты ескерту орталығының хабарлауынша, атқылау жергілікті уақыт бойынша сағат 13:48-де тіркелген. Жанартау атқылауына байланысты авиацияға арналған ескерту жарияланды. Мамандар спутниктік бақылау кезінде күл бұлтын… More
-
in Білім
Құрылтай Төрағасы: Ғылымның тиімділігі нақты нәтижемен өлшенуге тиіс
Депутаттар Жоғары аудиторлық палата Төрағасының Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік аудит қорытындылары туралы есебін тыңдады. Оның қорытындысы бойынша, Үкіметке Жоғары аудиторлық палата мен депутаттық корпустың бірқатар нақты ұсынымдары шығарылды. Талқылауды қорытындылай келе, Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бүгінде ғылым қосалқы сала ретінде емес, елдің болашағына, экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілеттілігіне тікелей ықпал ететін стратегиялық ресурс ретінде қарастырылатынын… More
-
in Жаңалықтар
Киев облысында дрон шабуылынан кейін бес қабатты үй қирады
Украинаның Киев облысындағы Дымер елді мекенінде дрон шабуылынан қираған бес қабатты тұрғын үйдің үйіндісінен екі адамның мәйіті шығарылды. Тағы бірнеше тұрғын іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Киев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченконың мәліметіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. 22 қараша күні таңертең тұрғын үйге дрон соғылып, ғимараттың бірінші қабатынан бесінші қабатына дейінгі пәтерлер қираған. Соққыдан кейін… More
-
in Жаңалықтар
Дияр Нұрғожай UFC-ден 50 миллион теңгеге жуық бонус алды
Қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі өнері үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде бонусқа ие болды. Оған «Кештің үздік өнері» (Performance of the Night) марапаты табысталды. Аталған марапатқа Навахо Стирлинг, Джон Митчелл және Амир Альбази де ие болды. Олардың әрқайсысына 100 мың доллардан сыйақы берілді. More
-
in Жаңалықтар
Еуропаның жеті елінде халық наразылыққа шықты
Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Франция, Грекия, Италия және Португалия тұрғындары 20–22 қараша аралығында наразылық акцияларын өткізіп жатыр. Олар баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз етуді, тұрғын үй, азық-түлік пен энергия бағасын бақылауды талап етті. Бұл туралы Tengrinews.kz мәліметіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Еуропаның жеті еліндегі кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар үйлестірілген наразылық акцияларын өткізуге шақырған. Италияның Рим және Милан қалаларында… More
-
in Жаңалықтар
UFC турнирі Алматыда өте ме? Жаңа ақпарат тарады
Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі әлі талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде жарыстың 2027 жылғы 1 мамырда Алматыда өтетіні туралы ақпарат тарағанымен, бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Бұған дейін «Вестник ММА» басылымы UFC турнирі Алматыда өтеді деп хабарлаған. Басылым жарысқа 12 мың көрерменге арналған «Алматы Арена» спорт кешені таңдалуы мүмкін екенін жазған. Алайда Нұраддин Садықов бұл… More
-
in Жаңалықтар
Чехия премьер-министрі Украинаға бөлінетін 100 млрд еуро көмекке қарсы шықты
Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш Еуропалық одақтың 2028–2034 жылдарға арналған бюджеті аясында Украинаға 100 миллиард еуро бөлу жоспарына қарсы екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, Киевке қаржылай көмек ЕО-ның ортақ бюджетінен тыс қарастырылуы керек. Бұл туралы UNIAN мәліметіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Бабиш Еуропалық одақтың жаңа бюджет жобасын Чехия үшін «мүлдем қолайсыз» деп атады. Ол құжатта Украинаға бөлінетін… More
-
in Жаһан
«15 жылға дейін сотталуы мүмкін»: Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
Словакияның Тренчин қаласында қазақстандық студенттер адам ұрлау және ақша бопсалау ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, жастар өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, қала тұрғынынан ақша талап еткен. Кінәсі дәлелденсе, оларға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Словакиялық TV JOJ және TN… More










