in

Маңғыстауда мәйітті зерттеуге арналған заманауи томограф орнатылды

Маңғыстау облыстық сот сараптамалары институтында мәйітті зерттеуге арналған заманауи компьютерлік томограф орнатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай институтқа барып, жаңа жабдықтың жұмысымен және техникалық мүмкіндіктерімен танысты.

Компьютерлік томограф Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалына жеткізілген. Құрылғы толық іске қосылғаннан кейін мамандар мәйітті сканерлеу арқылы ішкі ағзалар мен сүйек құрылымдарының жай-күйін зерттей алады. Бұл сараптама қорытындыларының дәлдігін арттырып, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге ықпал етеді.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.