in

Жүлде қоры 12 500 АҚШ доллары: Әлем кубогының Еуразия лигасында елордалық шабандоздар 9 медаль жеңіп алды

Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде конкурдан FEI Jumping World Cup™️ Eurasian League Final (CSI1-W LF Astana 2026) халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жарыс қорытындысы бойынша, Астана қаласының спортшылары 9 медаль – 2 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде иеленді.

Елордалық спортшылардың нәтижелері:

Раиса Соколенко – 1 алтын, 1 қола:

 1-орын – №5 жарыс, 140 см;
 3-орын – №2 жарыс, 145 см.

Олег Соколенко – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола:

 1-орын – №6 жарыс, 130 см;
 2-орын – №3 жарыс, 130 см;
 2-орын – №8 жарыс, 155 см;
 3-орын – №3 жарыс, 130 см;
 3-орын – №4 жарыс, 145 см;
 3-орын – №7 жарыс, 135 см.

Аян Ғани – 1 күміс:

 2-орын – №7 жарыс, Asian equestrian federation/ Mantena cup, 135 см.

Турнирдің басты бәсекесі – Argymak maxima master Eurasia Cup final (155 см) сайысында елордалық шабандоз Олег Соколенко Cinderella атты сәйгүлігімен жоғары шеберлік танытып, күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Раиса мен Олег Соколенко – ерлі-зайыпты спортшылар. Халықаралық турнирде елорда қоржынына түскен тоғыз медальдің сегізін осы отбасы иеленді.

Жарыстың салтанатты марапаттау рәсіміне Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) президенті Ингмар Де Вос қатысып, турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне және Қазақстандағы ат спортының даму әлеуетіне жоғары баға берді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 12 500 АҚШ долларын құрады. Халықаралық дода аясында Швецияда өтетін Әлем кубогының Үлкен финалына үш жолдама сарапқа салынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.