Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы World Boxing ұйымдастыруымен 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл жарыста ел намысын 11 боксшы қорғайды.
Ерлер
– Даниял Сәбит (50 келіге дейін)
– Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін)
– Аман Қонысбеков (75 келіге дейін)
– Диас Молжігітов (80 келіге дейін)
– Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін)
– Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін)
Әйелдер
– Карина Ибрагимова (57 келіге дейін)
– Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін)
– Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін)
– Валерия Аксенова (80 келіге дейін)
– Дина Исламбекова (80 келіден жоғары)
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 3 желтоқсанда өтеді. Әлем кубогының қорытынды кезеңіне 31 елдің боксшылары қатысады.