Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу аясында Будапешт қаласында орналасқан №407 учаскелік сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мажарстан аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беруге қатысып, еліміздің болашағы үшін маңызды осы мәселе бойынша өз ұстанымдарын білдіре алады.
Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіліп, сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін ашықтығы, жариялылығы және қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.