Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы ресми ойынын өткізді.
Чемпионшиптің жаңа маусымында «Бернли» сырт алаңда «Вест Бромвичпен» кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл – «Бернлидің» биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңілісі.
Дастан Сәтпаев кездесуді қосалқы құрамда бастап, 57-минутта алаңға шықты. Осылайша, қазақстандық шабуылшы Англиядағы алғашқы ойынын өткізді.
«Бернли» келесі кездесуін 26 тамызда Англия Лигасы кубогында «Брэдфордқа» қарсы өткізеді. Ал 29 тамызда Чемпионшиптің үшінші турында сырт алаңда «Норвичпен» кездеседі.