Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
U19 санаты бойынша 55 келідегі Едіге Нұрғожа ширек финалда Жапония боксшысы Рюсей Китамурамен қолғап түйістірді.
Отандасымыз 3 раундта да үстемдік танытып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Сонымен қатар U19 санаты бойынша 50 келідегі Әділ Асқанбай ширек финалда Филиппин өкілі Лео Мхар Лобридомен жоғары қарқында жекпе-жек өткізді.
Өте шиеліністі өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді. Дәл осы сәт төрешілерге де әсер етіп, 5:0 есебімен Әділ жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.