Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
U19 санаты бойынша 65 келідегі Ақжүрек Қалабай ширек финалда Сауд Арабия өкілі Зиад Алшехримен күш сынасты.
Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Алғашқы раундта-ақ отандасымыздың шеберлігі жоғары екендігі көрініп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут!
Айта кетейік, бұл Ақжүректің екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол өзбек боксшысын жеңді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.