in

U19 Азия чемпионаты: Ақжүрек Қалабай техникалық нокаутпен жеңіске жетті (видео)

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

U19 санаты бойынша 65 келідегі Ақжүрек Қалабай ширек финалда Сауд Арабия өкілі Зиад Алшехримен күш сынасты. 

Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Алғашқы раундта-ақ отандасымыздың шеберлігі жоғары екендігі көрініп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. 

Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут!

Айта кетейік, бұл Ақжүректің екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол өзбек боксшысын жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.