Қазақстан батуттағы гимнастикадан Арозада (Швейцария) өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.
Сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.