in

Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісі сезілді тіркелді

27 маусымда Астана уақытымен 18:34-те жер сілкінісі тіркелді. ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» мәліметінше, зілзаланың ошағы Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде сезілді. Шымкент, Тараз қалаларында, сондай-ақ Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде дүмпу күші 2 балл болды.

Түркістан облысында жер сілкінісі Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Тұрар Рысқұлов, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір және Шаян елді мекендерінде сезілді. Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлы, Сары-Кемер, Аса, Құлан, Мерке ауылдары мен Қаратау қаласында 2 балдық дүмпу байқалды.