Астанада Президент Жолдауының негізгі бастамалары түсіндірілді: тұрғындар нені білуі керек
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіруге арналған бірқатар кездесу өтті. Мемлекеттік органдардың, Құрылтай мен қоғам өкілдері қала тұрғындарымен әлеуметтік қолдау, экономиканы дамыту, цифрландыру және инфрақұрылымдық жобаларды талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кездесулер елорданың он алаңында өтті. Кәсіпкерлермен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында, студенттермен Назарбаев университетінде, ал мемлекеттік қызметшілермен Есіл ауданы… More








