in

Марат Байқамұров Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен Grand Slam санатындағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Марат Байқамұров байрақты бәсекені сәтті бастап, Франция мен Кипр спортшыларын жеңді. Алайда ширек финалда ресейлік Идар Бифовқа есе жіберді. Бұдан кейін жұбаныш белдесуінде америкалық Дэниел Любимовскиді тізе бүктіріп, жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін екі қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар да қола медальға ие болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.