in

Елімізде 5 орман өрті тіркелді

10 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Өңірлер бойынша: 

• Қостанай облысы – 1 өрт; 

• Павлодар облысы – 1 өрт; 

• Катон – Қарағай МҰТП– 1 өрт; 

• «Семей орманы» МОТР – 1 өрт; 

• «Жасыл Аймақ» РМК – 1 өрт.   

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеу барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы анықталып, орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары аз уақыт ішінде оқшаулау жұмыстарына кірісті. 

Арнайы техникалар мен тікұшақ жұмылдырылып нәтижесінде аумаққа таралу қаупінсіз өрт ошақтары жедел сөндірілді. 

«Республика бойынша аптап ыстыққа байланысты өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Баршамызға ортақ орман байлығымызды сақтауға сіз де осылай үлесіңізді қосыңыз!» – деді Экология министрлігінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.