in

«Сұлу болмасаң да, сүйер едім ғой»: Мейрамбек Беспаев жаңа видеосын жариялады

Әнші Мейрамбек Беспаев Instagram парақшасында жаңа видео жариялады. Бейнежазбада әншінің Қазақстанның көрікті таулы табиғаты аясында түскен сәттері көрсетілген.

Видеоға әнші: «Мұнша сұлу болмасаң да, сүйер едім ғой, Ұлы Отаным, Қазақстаным» деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, Қазақстанның әсем табиғатына тәнті болғандарын айтып, пікірлерін жарыса жазуда.