in

Астананың 100 балабақшасында 200 кітап оқу клубы ашылады

Астананың 100 балабақшасында 1 желтоқсаннан бастап 200 кітап оқу клубы жұмысын бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әр балабақшада екі бағыт бойынша клуб жұмыс істейтін болады: «Кітап оқитын педагог» және «Кітап оқитын отбасы». Клубтарда педагогтер мен ата-аналар бірлесіп кітап оқып, балаларға үлгі көрсетеді. 

Осылайша, балалар кітап оқу мәдениеті қалыптасқан ортада тәрбиеленіп, кітапқа деген қызығушылығы артады.
Бастама мектепке дейінгі жастағы балалардың кітапқа тұрақты қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.