in

Жапонияда Сакурадзима жанартауы қайта атқылады

Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында орналасқан Сакурадзима жанартауы 22 қарашада атқылады. Жанартау кратерінен шыққан күл бұлты оңтүстік-шығыс бағытқа таралған. Бұл туралы Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Токио жанартаулық күлге қатысты ескерту орталығының хабарлауынша, атқылау жергілікті уақыт бойынша сағат 13:48-де тіркелген. Жанартау атқылауына байланысты авиацияға арналған ескерту жарияланды. Мамандар спутниктік бақылау кезінде күл бұлтын нақты анықтай алмағанын хабарлады.

Сакурадзима – Жапониядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Ол Кагосима қаласының маңында, Кагосима шығанағында орналасқан. Жанартау аймағында қауіпсіздік шаралары тұрақты түрде бақыланады. Бұған дейін де бірнеше рет атқылап, айналасына күл таратқан.