Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында барлау жұмыс жүргізілген. Нәтижесінде, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталды. Олар топырақ жамылғысына ауқымды зиян келтіріліп, оның ішінде құнарлы топырақ қабатын сыпырып алып отырған.
“Тергеу шаралары барысында алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және көліктер тәркіленді. Қазір заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталып жатыр”,- деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.