in

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбо мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент еліміз Конго Демократиялық Республикасын Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Конго Демократиялық Республикасының халқына құт-береке тіледі.