in

«Фламинго» зымырандары Волгоградтағы әскери зауытқа соққы берді

27 маусымға қараған түні Ресейдің Волгоград қаласында жарылыстар болды. Жергілікті тұрғындар зымырандардың ұшқанын, кейін өрт шыққанын хабарлаған. OSINT сарапшыларының мәліметінше, шабуыл «Титан-Баррикады» зауытына жасалған болуы мүмкін.

Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров қалаға украин зымырандары шабуыл жасағанын растады. Оның айтуынша, Краснооктябрь ауданындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік нысандары зақымданған. Қазіргі мәлімет бойынша, 10 адам зардап шеккен.

«Титан-Баррикады» Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіндегі маңызды кәсіпорындардың бірі саналады. Зауыт «Искандер-М», «Тополь-М», «Ярс» және басқа да зымыран кешендеріне арналған қондырғылар мен әскери техникаларды өндіреді.