Дәл жаңа ғана Лондонда өткен салтанатты іс-шарада 2026 жылғы әлемнің үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» сыйлығының жеңімпазы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Биылғы мәртебелі марапатты Хәрри Кейн жеңіп алды. Бавария сапында өнер көрсететін футболшы өткен маусымдағы жетістіктері мен алаңдағы нәтижелері үшін әлемнің үздік ойыншысы атанды.
Марапаттау рәсімі 26 қазанда Ұлыбритания астанасы Лондондағы London Palladium театрында өтті. Биыл «Алтын доп» сыйлығының тағайындалғанына 70 жыл толды.
Әлемнің үздік футболшысы атағына 30 үміткер таласты. Олардың қатарында Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль, Лионель Месси, Эрлинг Холанд және басқа да танымал ойыншылар болды.
«Алтын доп» сыйлығы 1956 жылдан бері табысталып келеді. Оны France Football журналы тағайындаған. 2024 жылдан бастап марапаттау рәсімін France Football мен UEFA бірлесіп ұйымдастырады.
Еске сала кеткен жөн, 2025 жылы бұл сыйлықты Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле жеңіп алған еді.