in

Белгілі блогер Қарағанды облысы күрес федерациясының вице-президенті болды

Айдос Қожахметов Қарағанды облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі қазақстандық әзілкеш, блогер әрі актер Айдос Қожахметов Қарағанды облысы күрес федерациясының медиа мәселелері жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы федерация өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Федерация мәліметінше, Айдос Қожахметов әлеуметтік желілердегі белсенділігімен, әзіл және өмірлік тақырыптағы қысқа видеоларымен көпшілікке кеңінен танылған. Оның күнделікті өмір, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы қарым-қатынастар туралы контенті миллиондаған қаралым жинап келеді.

Блогерлікпен қатар, Айдос музыкамен де айналысады. Оның шығармалары көбіне ата-анаға құрмет, отбасы және жақын жандарға деген сүйіспеншілік тақырыптарын қамтиды.