in

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін де WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл әлемнің үшінші ракеткасы, польшалық Ига Швентектің Париждегі жарысты мерзімінен бұрын аяқтауынан кейін белгілі болды. Төртінші айналымда Швентек украиналық Марта Костюкке 5:7, 1:6 есебімен есе жіберіп, турнирден шығып қалды.

Осылайша, Польша теннисшісі рейтингте Рыбакинаны басып озуға мүмкіндік беретін қажетті ұпайларды жинай алмады. Соның нәтижесінде қазақстандық спортшы турнир қорытындысына қарамастан әлемнің екінші ракеткасы атағын сақтап қалатын болды.

Айта кеткен жөн, Ига Швентек Париждегі жарысқа былтырғы чемпион ретінде қатысқан еді. Алайда ол өз титулын қорғай алмады.

Еске салсақ, «Ролан Гаррос» турнирі 24 мамыр мен 7 маусым аралығында Франция астанасы Парижде өтіп жатыр. Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 61 миллион еуроны құрайды.