in

Қазақ дзюдошылары Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күні бір алтын мен екі күміс медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы күні 3 медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Нұрқанат Серікбаев (-66 кг) финалда бразилиялық Роналд Лиманы тізе бүктіріп, алтыннан алқа тақты. 
Сондай-ақ алтын жүлде үшін Аман Бақытжан (-60 кг) мен Ғалия Тынбаева (-48 кг) белдесті. Алайда шешуші сында Аман тайпейлік Янг Юнг Вэйге есе жіберсе, Тынбаева италиялық Ассунта Скуттоға жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.