in

Қазақстан гандболшылары Әлем кубогында топ жарды

Гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 мәресіне жетіп, ерлер құрамасы үздік шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Олар Польша құрамасын 29:14, Бельгияны 28:21, Оңтүстік Африка Республикасын 27:11, Италияны 24:11 және Ливияны 20:17 есебімен жеңді.
Жартылай финалда қазақстандықтар Италиямен қайта жолы түйісіп, 23:13 есебімен ұтты.
Ал финалда Қазақстан құрамасы Ливия командасымен жолығып, 28:23 есебімен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.