in

Қазақстан Астанада өткен халықаралық ат спорты турнирінде 14 медаль жеңіп алды

Астанада FEI Jumping World Cup Eurasian League, FEI Jumping World Challenge Final 2026 және FEI CDI 1/CDI 3 Dressage** жарыстарын біріктірген халықаралық ат спорты турнирі аяқталды. Үш жарыс күні бойы аренада Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Бразилия, Үндістан, Беларусь, Колумбия, Марокко, Оңтүстік Африка Республикасы және басқа да елдердің спортшылары өнер көрсетті. Турнир маусымдағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналып, әлемнің және өңірдің үздік шабандоздарын жинады.

Турнир FEI Jumping World Challenge Final іріктеу жарыстарымен және CSI-W Әлем кубогы кезеңімен басталды. CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасының 125 см бағыты бойынша Хуршидбек Әлімжанов (Өзбекстан) CHAMPIONS LEAGUE тұлпарымен жеңіске жетті. Бекжан Байжанұлы (Қазақстан) KING DIAMOND тұлпарымен күміс жүлдеге ие болса, Ринат Галимов (Қырғызстан) D’ARTAGNAN Z тұлпарымен қола жүлдені жеңіп алды.

FEI Jumping World Challenge Final 2026 бағдарламасының алғашқы іріктеу жарысында Бекзод Розмухамедов (Өзбекстан) FLORIZELL тұлпарымен жеңіске жетті. Екінші орынды Бернардо Краус Герра (Бразилия), үшінші орынды Эйми Коллинсон (Жаңа Зеландия) иеленді.

Бірінші күннің ең күрделі сынақтарының бірі CSI-W FEI Jumping World Cup аясындағы BANK CENTER CREDIT EQUESTRIAN CUP Гран-приіне іріктеу бағыты болды. 140 см биіктіктегі маршрутта Олег Соколенко (Қазақстан) CINDERELLA тұлпарымен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Сергей Петров (бейтарап), қола жүлдені Олеся Лукина (бейтарап) иеленді.

Challenge Final бағдарламасының екінші іріктеу жарысында Бекзод Розмухамедов (Өзбекстан) тағы да үздік нәтиже көрсетті. Күміс жүлде Нал Зеруалға (Марокко), қола жүлде Бернардо Краус Герраға (Бразилия) бұйырды. Үздік бестікке Ануар Досмаилов (Қазақстан) та енді.

CDI 1* FEI Dressage бағдарламасындағы St. George сынында жеңіс Алина Шевцоваға (Өзбекстан) бұйырды. Екатерина Каркавцева (Қырғызстан) күміс жүлдеге ие болса, Дарья Попова (Қазақстан) қола медаль жеңіп алды.

Екінші күні CDI Intermediate I бағдарламасында Дарья Попова (Қазақстан) күміс жүлдегер атанды. Grand Prix «BANK CENTER CREDIT CUP» CDI 3* жарысында жеңісті тағы да Алина Шевцова (Өзбекстан) тойлады. Ал үшінші орын Екатерина Каркавцеваға (Қырғызстан) бұйырды. 

CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасының 135 см бағыты бойынша Олег Соколенко (Қазақстан) қола жүлдеге ие болды. Ал ULTIMA YANDEX CUP жарысында Раиса Соколенко (Қазақстан) URAN-NAD WIGRAMI тұлпарымен жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. 

Екінші күннің ең әсерлі жарыстарының бірі Six Bar Jump-Off болды. Кедергілер биіктігі 170 сантиметрге дейін көтеріліп, нәтижесінде жеңімпаз атанған Нурила Тұрысбекова мен Ясмин Ибрагимова Қазақстанға тағы екі алтын жүлде әкелді.

Қорытынды күні FEI Jumping World Challenge Final жеңімпаздары анықталды. Final Competition – Challenge Final (120 см) жарысында жеңіс Бернардо Краус Герраға (Бразилия) бұйырса, күміс жүлдені Бекзод Розмухамедов (Өзбекстан), қола жүлдені Николас Родригес Посада (Колумбия) иеленді.

CSI-W AEF/Mantena CUP (135 см) жарысында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Олег Соколенко SHENANIGAN тұлпарымен жеңімпаз атанып, SELLY BLUE тұлпарымен екінші орынға ие болды. Нурила Тұрысбекова қола медаль жеңіп алды. 

Турнирдің басты жарысы – Grand Prix Maxima Masters Eurasia Cup CSI-W (160 см) болды. Бұл бағытта Богдан Васковский (бейтарап) EMILION FONROQUE тұлпарымен жеңіске жетті. Ксения Хайрулина (бейтарап) күміс жүлдегер атанса, қола медаль Камил Сабитовқа (Қырғызстан) бұйырды.

CDI 1* бағдарламасындағы INTERMEDIATE I FREE STYLE «AEF/Mantena CUP» жарысында Дарья Попова (Қазақстан) қола жүлде жеңіп алды. Ал GRAND PRIX FREESTYLE CDI 3* бағдарламасында жеңіс тағы да Алина Шевцоваға (Өзбекстан) бұйырды.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін және еліміздегі ат спортының қарқынды дамуын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Қазақстан құрамасының көшбасшылары қатарында Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нурила Тұрысбекова, Ясмин Ибрагимова, Дарья Попова, Бекжан Байжанұлы болды.

Турнир Қазақстандағы ат спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеп, Астананың Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) аясындағы беделді халықаралық жарыстарды қабылдай алатын жетекші алаңдардың бірі екенін көрсетті.