in

«Қазақстанда емес»: Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің күні мен орны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласында, 5 мың көрерменге арналған Forum аренасында өтеді. Бұған дейін кездесу Копенгагенде ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.

Қазақстандық боксшының қарсыласы – даниялық Якоб Банк. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 20 жеңіс, оның 11-і нокаутпен аяқталған. Ал Әлімханұлы 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, 12 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.

Жекпе-жек туралы Якоб Банк пен оның Primetime Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға шықпағанына 21 ай болады.