Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.