in

Талғат Байсуфинов Қазақстан футбол құрамасынан кетті

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Федерация өкілдерінің айтуынша, Байсуфинов бапкерлік еткен кезеңде ұлттық құрама бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен тең ойнады.

Сондай-ақ команда өз күшіне деген сенімін қалпына келтіріп, ФИФА рейтингіндегі көрсеткішін жақсартқан. Федерация бас бапкердің шешімін құрметпен қабылдап, оның кәсібилігі мен ұлттық құраманың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

ҚФФ мәліметінше, ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы жоспарға сай жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Талғат Байсуфинов Венгрияға қарсы жолдастық кездесуден кейін қызметінен кетеді деген ақпарат тараған болатын. Ол кезде федерация бұл мәліметті жоққа шығарған еді.