Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнир жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Дания командасымен кездесті.
Нәтижесінде, отандастарымыз 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бәсекенің жартылай финалына жолдама алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.