in

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Александр Пак 10 жылға сотталды

Алматы қалалық соты Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша Александр Пакқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сотталған азамат өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Сот жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шәтеновтің моральдық шығын өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Нәтижесінде Александр Пак жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.