Украина Қарулы күштері Ресей аумағындағы бірқатар стратегиялық нысанға соққы жасады. Украина Бас штабының мәліметінше, 31 мамырға қараған түні Саратов облысындағы «Саратовский» мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалып, кәсіпорын аумағында ірі өрт шыққан.
Аталған зауыт Еділ бойындағы маңызды мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі саналады және «Роснефть» компаниясының құрамына кіреді. Оның жылдық өңдеу қуаты шамамен 7 миллион тонна мұнайды құрайды. Кәсіпорында бензин, дизель отыны және әскери логистикада қолданылатын өзге де жанармай түрлері өндіріледі.
Сонымен қатар Украина әскері Киров облысындағы «Лазарево» мұнай айдау станциясын, Ростов облысындағы жанар-жағармай қоймасын, Курск облысындағы командалық-бақылау пунктін және Донецк пен шекара маңындағы бірнеше дрон басқару орталығы мен шеберханаларын нысанаға алғанын хабарлады.