in

Ақтөбеде домбыраны «харам» деген діндар 3 жыл 6 айға сотталды

Ақтөбе қаласында әлеуметтік және діни алауыздықты қоздырды деген айыппен 35 жастағы жергілікті тұрғын Азат Қоныс 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында діни тақырыпта пікір білдіріп, қоғамның наразылығын тудырған қорлайтын сөздер айтқан. Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды.

Сот отырысында Азат Қоныс өз кінәсін мойындап, айтқан сөздеріне өкініш білдірді. Ол соттан бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды және шартты жаза тағайындауды сұрады.

Алайда сот оның әрекетін заңға қайшы деп танып, кінәлі деп тапты. Нәтижесінде Азат Қонысқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.