Бүгін XX жазғы Азия ойындарында жүзуден кезекті жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әйелдер арасында 200 метрге кешенді әдіспен жүзуде Қазақстан командасының спортшысы Ксения Игнатова іріктеуде 5-орынға табан тіреді. Осылайша, ол финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Бірнеше сәт бұрын Ксения 50 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға жолдама алған.
Тағы бір отандасымыз Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде бақ сынап, 12-сатыға тұрақтады. Ол осы көрсеткішімен резервте тұр. Егер кешке финалистердің бірі жарыс жолына шыға алмаса, жүлдеге таласуы мүмкін.
Сондай-ақ, жекпе-жектен Қадырбек Шынбаев Aзия ойындарының финалына шықты.
Отандасымыз Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен (заманауи стиль) 71 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбек қарсыласы Нодирбек Шавкатовпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.