in

Үстел теннисінен Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

XX жазғы Азия ойындары аясында үстел теннисінен әйелдер арасындағы командалық бәсеке өтіп жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін С тобындағы шешуші турда Қазақстан әйелдер құрамасы Мальдив аралдарының өкілдерімен кездесті. Бұл матчта Қазақстан 3-1 есебімен қарсыластан басым түсіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Қазақстан командасы сапында алғаш болып Жанерке Қошқұмбаева шықса, одан кейін Зәуреш Акашева мен салтанатты ашылу рәсімінде Мемлекеттік туды ұстап шыққан Сарвиноз Миркадирова ойнады. Ұлттық құрамаға Сарвиноз бен Зәуреш Акашева (2 рет) өз матчында жеңіс сыйлады.
Қазақстан құрамасы бірнеше күн бұрын топта Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасып, жеңіліп қалған.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.