in

Әлеуметтік желіде видео жариялаған алматылық қамауға алынды

Алматы тұрғыны әлеуметтік желілерде жарияланған даулы видеодан кейін қамауға алынды,– деп хабарлайды Aikyn.kz.

Интернетте тараған бейнежазбада ер адам балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған және айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. 

Қалалық Полиция департаменті видео авторының жеке басы анықтады. Ол – 36 жастағы қала тұрғыны. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Полиция өкілдері әлеуметтік желіде танымал болуға ұмтылу заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекетке, оның қандай ниетпен жасалғанына қарамастан, құқықтық баға берілетінін атап өтті.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)