in

«Қайраттың» испаниялық шабуылшысы хет-трик жасады

Алматылық «Қайрат» футбол клубының испаниялық шабуылшысы Марк Гуаль Қазақстан Премьер-лигасында хет-трик жасады.

18 қазанда өткен 23-турдың кейінге қалдырылған матчында «Қайрат» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» 5:0 есебімен жеңді.

Марк Гуаль кездесудің 15, 34 және 74-минуттарында үш гол соқты. Ал қалған екі голдың авторлары – Эдмилсон (16-минут) мен Азамат Тұяқбаев (84-минут).

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 63 ұпай жинап, чемпионат көшбасшысы «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді.