in

Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық пен өрт қаупі: 17 облысқа дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 9 тамызға Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы 35-43 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады. Ең жоғары температура Қызылорда облысында 40-43 градусқа, Түркістан облысында 40-41 градусқа дейін жетеді.

Атырау, Ұлытау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында да қатты ыстық пен жоғары немесе төтенше өрт қаупі болжанады.

Сонымен қатар кей өңірлерде қатты жел, найзағай, шаңды дауыл және тұман күтіледі. Қызылордада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға аптап ыстық пен өрт қаупі кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.