in

Қазақстанда бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгереді

 2027 жылдан бастап Қазақстанда бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алу тәртібі өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры айтты.

Жаңа талаптарға сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлемді алу құқығы анасына тиесілі болады.

Анасы қайтыс болған жағдайда ғана бұл құқық баланың заңды өкіліне беріледі.

Аталған өзгеріс 2026 жылғы 11 маусымда қабылданған заңда қарастырылған. Тиісті норма 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, өзгеріс ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, әйелдің босанғаннан кейінгі денсаулығын қалпына келтіруіне және баланың күтіміне қажетті жағдай жасауға бағытталған.