in

Ғылымды қаржыландыру көлемі ұлғайды

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың ғылымды дамытуға бөлінген қаражаттың пайдаланылу және жер қойнауын пайдаланушылардың міндетті аударымдары есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тетігінің жұмыс істеу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит мәселесі бойынша есепті жариялады. 

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2026 жылғы аудит нәтижесінде, ғылымды басқару саласында бірқатар жүйелі проблема бар. Қаржыландыру көлемі ұлғайды. Алайда соған сәйкес, технологиялық нәтиже салыстырмалы түрде болмай отыр.

“2022– 2025 жылдары ғылымға жұмсалған қаражат 122-ден 262 миллиард теңгеге дейін өсті. Алайда ғылымның экономикадағы үлесі төмен болып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 1 пайыздың орнына нақты 0,16 пайыз болды. Қаржының басым бөлігі бюджеттен бөлінді. Үлесі 55 пайыздан  82 пайызға  дейін ұлғайды. Бұл ғылымның мемлекетке тәуелді екенін және бизнес тарапынан ғылымға сұраныстың төмен екенін көрсетеді”, – деді Әлихан Смайылов.