Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда ( 35 406 ) мәмілелер саны 10 %-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 065 – 19%) және Астана (5 223 – 16,4%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 482 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 228 мәміле (0, 7 %) тіркелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда ең жоғары өсім Қызылорда ( 38,7 %) , Қостанай ( 13,5 %) және Атырау ( 2,9 %) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстан (- 21,2 %), Ұлытау (- 18,6 %) облыстарында және Алматы (- 16,3 %) қаласында орын алды.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 2026 жылғы қыркүйек айымен салыстырғанда 11,3 % ( 3 052 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 044 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,5 %. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы ( 23,1 %), Астана ( 21,3 %) қалаларына және Қарағанды облысына ( 8,6 %) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды – 9 423 мәміле.
2026 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда қазандағы жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 5,9 % ( 490 мәмілеге) азайды . Қазан айында барлығы 7 820 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең жоғары өсімі Ақтөбе ( 10,6 %), Алматы ( 10,4 %) және Қызылорда ( 6,1 %) облыстарында тіркелді. Ең жоғары төмендеу Астана (- 30,6 %) қаласында , Ұлытау (- 28,6 %) және Маңғыстау (- 24,4 %) облыстарында байқалды.
2026 жылғы қазанда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 22,8 % азайды ( 41 259 – да н 31 864 мәмілеге дейін). Мәмілелер санының ең жоғары өсімі Қызылорда (+ 52,6 %) облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Астана (- 41,6 %) қаласында . 2026 жылдың қаңтар- қазан айларындағы мәмілелер санын 2025 жылғы қаңтар- қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 7,6 % -ға төмендеу байқалды.