in

Тимур Сүлейменов бастаған делегация АҚШ-та инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Ұлттық Банк делегациясы Төраға Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында АҚШ Сауда палатасының (US Chamber of Commerce) өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу барысында:

– Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүзеге асырылған шаралар;

– екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық аясындағы перспективалар мен жобалар;

– инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.