in

Жолаушыларға ескерту: Астанада 5 автобус бағыты өзгерді

Астанада жол жөндеу жұмыстары мен көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге байланысты бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

Өзгеріс №1, №20, №70, №35 және №36 автобус бағыттарына қатысты. Жолдың жабық учаскелеріне байланысты автобустар уақытша өзгертілген бағытпен қатынайды.

Осыған байланысты кейбір аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылады.

Қала тұрғындарына сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.