in

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы: найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі: оңтүстікте — шаңды дауылмен, ал батыс пен оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман болуы мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.