Белгілі блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаралы хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, анасына арнап жүрек тебірентерлік жазба жариялады.
– Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогерге көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.