Алматыда отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей әкесін өлтірді. Бұл туралы Алматы қаласының Полици департаменті мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға түнде Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде болған. Түнгі сағат үш шамасында шақыртумен жеткен дәрігерлер 59 жастағы ер адамды аман алып қала алмаған. Ол көптеген пышақ жарақаты мен қан жоғалтудан оқиға орнында көз жұмған.
Полиция қызметкерлері марқұмның 34 жастағы өгей ұлын ізін суытпай ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.
Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, кешенді тергеу әрекеттері басталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)