Ресей Премьер-лигасының 11-турында Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы өз алаңында Грозныйдың «Ахмат» командасын 3:2 есебімен жеңді.
Кездесуде «Ахмат» сапынан Лечи Садулаев 25-минутта есеп ашты. Екінші таймда Александр Адамов өз қақпасына гол соғып, есеп теңесті. Ал 62-минутта Максим Глушенков «Зенитті» алға шығарды.
87-минутта Мохамед Конате есепті 2:2-ге жеткізгенімен, 90-минутта Джон Джон жеңіс голын соқты.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында толық 90 минут ойнады. Ал «Ахмат» футболшысы Максим Самородов екінші таймда алаңға шықты.