in

Көлікті көштің жалғасы

Әсіресе еңбек күші шоғырланған оңтүстік өңірлерден жұмыс қолына сұраныс жоғары солтүстік және шығыс аймақтарға азаматтарды ерікті түрде қоныстандыру мәселесі бүгінде мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерінің бірі саналады. Бұл бағытта халықтың көші-қон белсенділігі жоғары Шымкент қаласы да маңызды рөл атқарып отыр.

Шымкент – қоныс аудару үдерісіндегі маңызды орталық

Қазақстанның оңтүстік өңір­ле­рінде халықтың тығыз­дығы мен еңбек ресурстарының шо­ғыр­­лануы жоғары болса, сол­түс­тік және шығыс аймақтарда бір­­қатар салада мамандар мен жұ­мыс күшіне қажеттілік бар. Осын­дай айырмашылықтарды ес­кере отырып, мемлекет ерікті қо­­ныс аудару тетіктерін іске асы­руда. Оның түпкі мақсаты – бір өңірдегі еңбек әлеуетін екінші өңір­дің экономикалық сұраны­сы­мен ұштастыру.

Халық санының өсуі, ең­бек ресурстарының мол­дығы және ішкі көші-қон ағы­ны­ның қарқындылығы Шым­кент қаласын елдегі көші-қон үде­­­­­рістерінің маңызды ор­та­лық­тарының біріне айналдырып отыр. Қалада азаматтарды ерікті түр­де қоныс аудару бағдар­ла­ма­сына қатыстыру, қандастарды қол­дау және оларға қатысты әлеу­меттік мәселелерді үйлес­тіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­­­малар басқармасының мә­лі­ме­тінше, 2026 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойын­­ша қаладан солтүстік жә­не шығыс өңірлерге 196 отбасы не­месе 817 адам қоныс аударған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Қазақстан және Павлодар об­лыс­тарын таңдаған. Атап айт­қан­да, Солтүстік Қазақстан об­лы­сына 81 отбасы (375 адам), Пав­лодар облысына 53 отбасы (192 адам), Шығыс Қазақстан облысына 33 отбасы (121 адам) кө­шіп барған. Сонымен қатар Қос­танай облысына 16 отбасы (62 адам), Абай облысына 7 от­басы (37 адам), Қарағанды об­лы­сына 3 отбасы (16 адам), Ұлы­тау облысына 3 отбасы (14 адам) қо­ныс­танған.

Бұл көрсеткіштер оңтүстік өңір тұрғындарының мемле­кет­тік қоныс аудару бағдарламасына қы­зығушылығы бар екенін аң­ғартады. Әсіресе Солтүстік Қа­зақ­стан, Павлодар және Шығыс Қа­зақстан облыстарына б­а­ғыт­талған көші-қон ағыны аталған өңір­лердегі еңбек ресурстарына деген қажеттілікпен де сабақтас. Қо­ныс аударған азаматтардың әлеу­меттік және жас ерекше­лік­те­ріне назар аударсақ, 817 ада­м­ның 473-і – балалар, 234-і – ең­бек­ке қабілетті азаматтар, ал 110-ы – үй шаруасымен айналы­са­тын тұрғындар. Яғни көшіп бар­ғандардың жартысынан ас­та­мын балалар құрайды. Бұл бағ­дарламаның тек еңбек нары­ғы­на ғана емес, өңірлердің де­мог­рафиялық ахуалына да ық­пал ететінін көрсететін маңызды көр­сеткіш.

Отбасылардың тұтасымен қо­ныс аударуы жаңа өңірлердегі мек­­тептердің оқушы контин­ген­тін толықтыруға, әлеуметтік ор­таның жандануына және ұзақ­мерзімді демографиялық тұ­­рақтылыққа алғышарт қалып­тас­­тырады. Дегенмен бұл әлеует­­тің нақты нәтижеге ай­налуы үшін көшіп барған отба­сы­лар­дың тұрғын үй, білім беру, ме­ди­ци­налық қызмет және жұ­мыс­пен қамту мәселелері ке­шен­ді түр­де шешілуі қажет.

Қандастарды қолдау – көші-қон саясатының маңызды бағыты

Көші-қон саясатының тағы бір маңызды құ­рам­­дас бөлігі – тарихи Отанына орал­­ған қандастарды қолдау жә­не олардың қоғамға бейім­делуі­не жағдай жасау. Бұл бағыт­та да Шымкент қаласында тиісті жұмыстар атқарылуда. Қалалық жұ­мыспен қамту және әлеумет­тік бағдарламалар басқармасы­ның мәліметіне сәйкес, 2026 жыл­ғы қаңтар-ақпан айларында 68 отбасы немесе 142 адам «қан­дас» мәртебесін алған. Сонымен қа­тар төрт азаматтың мәртебесі ал­ты ай мерзімге ұзартылған.

Қолданыстағы тәртіп бо­йын­­ша қандас мәртебесі Үкі­мет ай­қындаған қоныстандыру өңір­леріне көшу шартымен бес жыл мерзімге беріледі. Ал Шым­кент қаласы қандастарды қа­был­­дайтын өңірлер тізіміне кір­мейтіндіктен, мұнда аталған мәртебе берілмейді. Осыған бай­ланысты тарихи Отанына орал­ған азаматтардың белгі­лен­ген өңірлерге қоныстануы мем­ле­кеттік көші-қон саясатының ба­сымдықтарына сәйкес жүзеге асы­рылады.

Қандастарды елге қабылдау мен оларды өңірлерге орна­лас­тыру ұлттық демографиялық әлеует­­ті арттырумен қатар, ада­ми капиталды толықтыруға мүм­кіндік беретін маңызды ба­ғыт. Алайда бұл үдерістің нә­ти­желі болуы үшін азаматтардың кәсі­би біліктілігін ескеру, еңбек нарығына бейімдеу, құжаттан­дыру және әлеуметтік қолдау ш­а­ралары өзара үйлесімді жүр­гізілуге тиіс.

Өңірлік даму міндеттері

Үкімет белгілеген қоныстан­дыру өңірлерінің қатарына Абай, Қостанай, Шығыс Қазақ­стан, Павлодар, Солтүстік Қа­зақ­стан, Ақмола, Ұлытау және Қа­рағанды облыстары кіреді. Бұл аймақтарда еңбек ресурс­та­рын толықтыру, өндірістік қуат­тар­ды дамыту, ауыл шаруа­шы­лы­ғы мен шағын кәсіпкерлікті өр­кендету тұрғысынан қоныс ау­дарушылардың әлеуетіне сұра­ныс бар.

Әр өңірдің экономикалық құ­рылымы мен еңбек нары­ғын­дағы қажеттілігі әртүрлі. Мә­се­лен, ауыл шаруашылығы басым ай­мақтарда аграрлық мамандар мен маусымдық еңбек күшіне сұра­ныс болса, өнеркәсіптік өңір­лерде техникалық және өн­ді­рістік мамандық иелеріне қа­жеттілік жоғары. Сондықтан қо­ныс аударушыларды ор­на­лас­тыру барысында тек өңірді таң­дау емес, азаматтардың маман­ды­­ғы, кәсіби тәжірибесі және от­басының әлеуметтік жағдайы да ескерілуі керек. Мемлекеттік бағ­дарламаның тиімділігі қоныс ау­дарған отбасылардың санымен ғана өлшенбеуге тиіс. Ең бас­ты­сы, олардың жаңа мекенде тұ­рақ­тап қалуы, тұрақты табыс та­буы, балалардың білім алуына жағдай жасалуы және әлеуметтік ор­таға толыққанды кірігуі. Егер осы мәселелер жүйелі шешілсе, кө­ші-қон бағдарламасы өңірлік да­мудың нақты драйверіне ай­нала алады.

Қалай алғанда да ерікті кө­ші-қон – ортақ ұлттық мүддеге қыз­мет ететін жемісті саясаттың ба­ғыты. Қазақстан үшін көші-қон саясатының стратегиялық маңызы алдағы жылдары да арта түспек. Өйткені өңірлердің эко­но­микалық әлеуеті, халықтың ор­наласу тығыздығы, еңбек на­ры­­ғындағы сұраныс және демог­ра­фиялық өзгерістер өзара ты­ғыз байланысты. Осы фактор­лар­­ды ескере отырып, ішкі кө­ші-қонды тиімді басқару мем­ле­кеттің орнықты дамуының маңыз­­ды шарттарының бірі болып қала береді. Шымкенттен 2026 жылдың он айында 196 от­ба­сының солтүстік және шығыс өңір­лерге қоныс аударуы – осы ба­ғыттағы жұмыстың нақты көр­сеткіштерінің бірі. Оның ар­тын­да жаңа өмір бастауға бел бу­ған азаматтардың таңдауы, ең­бек етуге деген ұмтылысы жә­не тұтас отбасылардың бола­ш­а­ғы­на қатысты шешімі тұр. Әри­не, көрсеткіш мұнымен тоқтап қал­­масы анық. Қоныс аудару­шы­лардың көші әлі де молайып, ел аумағындағы тұтастық пен ор­нықтылықты нығайта берері дау­сыз. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы